Шиеленіскен жағдайлар мен тапқыр диалогтар арқылы автор адамның жас өзгерісімен бірге жүретін көңілділік пен қайшылықтарды шынайы әрі астарлы юмормен жеткізеді. «Қартайғанын сезінді» – әр көрерменге таныс жағдайларды еске түсіретін күлкі мен ой-толғау. (1 сағат 30 минут)
Режиссер Х.Шаженотвың 110 жылдығына және ҚР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Р.Сейітметовтың 80 жылдығына арналған «Театр көктемі-2018» облыстық театр фестиваліне М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен қатысып, жүлделі 1-орын иеленді.
Түрксой халықаралық ұйымының шешімімен Түркістан қаласы Түркітілдес елдердің мәдени астанасы болуына орай облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен әзліл-сықақ және сатира театры Түркітілдес елдердің «Күлкі жәрмеңкесі» Халықаралық фестивалін ұйымдастырды.
Р.Отарбаевтың «Қараша қаздар қайтқанда» атты тарихи драмасы «Актерлік ансамбльдік тұтастық» номинациясымен 1-дәрежелі лауреат атанды.
Ж.Аймаутовтың «Сылаң қыз» комедия-памфлеті «Ең үздік қойылым» ноинациясымен марапатталып, бәйгеге тігілген жеңіл автокөлік иеленді.
Халықаралық театрлар фестивалінде Т.Абдумомыновтың «Алдар көсе» атты комедиялық спектаклі «Ең үздік музыкалық безендірілген қойылым» номинацисымен марапатталды.
Бүгінгі таңда театр репертуарында отандық туындылармен қатар, өзбек, қырғыз, орыс, осетин, ағылшын авторларының 20-дан астам комедиялық, драмалық қойылымдары мен балаларға арналған бірнеше ертегілер бар.
Театрдың өзге театрлардан ерекшелігі сан-салалық комедия жанрындағы түрлі пьесаларды сахналаумен бірге, аталмыш жанрды жан-жақты бағытта жандандыру үшін, шағын интермедиялардан құралса да, белгілі бір оқиға желісіне негізделе отырып, әндермен, хореографиямен көркемделетін сазды-думанды қойылымдарды да қатар алып жүруінде.