Құлшынбаев Нұржан Қасымханұлы 1977 жылы 26 желтоқсанда Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық музыка колледжін «оркестр әртісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

1996 жылдан бастап «Шаншар» мәдени қоғамдық қорында музыкалық режиссер қызметін атқара жүріп, актерлік қабілетін де шыңдады. «ШАНШАР» театрының ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарламалардағы интермедияларда түрлі образдарды сомдап, Республика көлемінде, қалаберді алыс-жақын шет елдерде де мол танымалдылыққа ие болды.

Домбыра, баян және ұрмалы аспаптарды шебер меңгерген Нұржан Қасымханұлы 1996 жылы облыстық «Арай» ән байқауының дипломанты, 2003 жылы «Орта Азия күлкі жәрмеңкесінің» лауреаты атанған.

2008 жылдың ақпан айынан бастап «Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрында» шығармашылық қызметін өз дәрежесінде атқарып келе жатыр. Жігерлілігі мен еңбекқорлығының арқасында Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының репертуарындағы спектакльдерде басты және қосалқы рольдерді шынайы сомдай білді.

Театрдың қоғамдық жұмыстарына да белсенді тұлғаның шығармашылығы бүгінде оң нәтижелі деуге болады.
Отличник культуры РК
Құлшынбаев Нұржан Қасымханұлы
Made on
Tilda