Абдраимов Уалибек Әкімқұлұлы 1961 жылы 12-сәуірде Түркістан облысы Қызылқұм (қазіргі Отырар) ауданы «Қоғам» ауылында дүниеге келген. 1968-1978 жылдар аралығында Қоғам ауылындағы «Қоғам» орта мектебінде білім алған. 1978 жылдың қараша айынан бастап Қызыл-Орда қаласындағы Октябрьдің 50 жылдығы атындағы тамақ-жеңіл өнеркәсібі комбинатының №1 күріш цехының слесарі болып жұмыс атқарған.

1980-1985 жылдар аралығында Алматы қаласында орналасқан Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетінен араб, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша біліктілік алған.
Абдраимов Уалибек Әкімқұлұлы өзінің еңбек жолын 1985-1987 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы №26 Ж.Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің араб тілінің мұғалімі қызметін атқарудан бастады.

1987 жылдан бастап Қызылқұм (қазіргі Отырар) ауданындағы «Қоғам» орта мектебінің үйірме жетекшісі қызметін атқарып, 1988 жылы аудандық партия комитетінің ұсынысымен Шәуілдір ауылындағы Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалып, осы қызметті 1993 жылға дейін атқарған.

1994 жылы облыстық телерадио компаниясы және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің жастар ісі туризм және спорт басқармасының қолдауымен «Шаншар» сатира театрын ашып, осы театрдың жетекші қызметін атқарып келеді.
2000 жылдың 24 қазанында ҚР Президентінің арнайы «Ерен еңбегі үшін» атты медалімен марапатталды.

2011 жылы 27 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІНЕ ОРАЙ Қазақстан театр қайраткерлер одағының « Құрмет» грамотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасының Президенттінің 2017 жылы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша « Құрмет » орденімен наградталды
2008 жылдан бастап жаңадан ашылған «Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры» МКҚК-ның директоры қызметіне тағайындалып, 2011 жылдан актер болып осы уақытқа дейін өз қызметін жақсы атқаруда.

Сонымен қатар осы театрда қойылған қойылымдардың авторы әрі режиссері атап айтатын болсақ «Ұстазым менің», «Күле алмасаң», «Құрылыстағы қырылыс», «Базарыңның барында», «Ойнасақта», «Кел күлейік»т\б .Өз еңбек жолында Абдраимов Уалибек Әкімқұлұлы жоғары деңгейдегі маман иесі екендігін айқын көрсетуде. Өз ісіне адалдықпен, жауапкершілікпен қарайды. Адамдармен ортақ тіл табыса алады. Өзіне тапсырылған жұмысты өз мезгілінде орындап отырады.

Әрдайым жаңа жұмыс әдістерімен танысып, өз білімін жетілдіріп отырады. Ұжым арасында сенім мен сый құрметке ие. Адал ниетті және тамаша адам, отбасылы.
1961 жылы туылған, білімі – жоғары , ұлты - қазақ
Абдраимов Уалибек Әкімқұлұлы
Made on
Tilda