Қаппаров Ғалымжан Қаланбайұлы 1977 жылы мамырдың 24 – ші жұлдызында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында дүниеге келді.

2005 жылы Жетісай қаласындағы мәдени-ағарту оқу орнын бітіріп, 2005 жылдан Қ.Жандарбеков атындағы қазақ сазды драма театрында актер болып жұмыс істеген.Білімін жетілдіру мақсатында 2011 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «мәдени тынығу жұмысы»мамандығы бойынша оқуға түсіп,осы аты аталған оқу орнын «театр ұжымына жетекшілік»мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2012 жылдан бері Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрында актерлік қызмет атқарып келеді. Жұмысқа қабылданған мамандардың арасында алғыр, жаңалыққа жаны құмар, ұмтылып тұратын талапкер. Өзіне қоя білетін талабының арқасында қысқа мерзімнің ішінде басты рөлдерді сомдап шығарды. Айта кетсек М.Әуезов «Айман -Шолпан»- Көтібар, әртүрлі сарында құбылтып, бір-біріне ұқсамайтын образдарды шынайы етіп шығара білді. Сонымен қатар осы театрда қойылған қойылымдардың авторы әрі режиссері атап айтатын болсақ «Өгізбайдың отбасы», «Карантин қызықтары», өзінің жазған «Той үстіндегі той» атты комедиясын, ауылдағы оқиғаны, қаланың күйбің тірлігімен байланыстыра отырып, керемет режиссерлік шешімдермен қойды.

Ол театрымыздың табаны нық, тұғыры биік, тегеурінді актерлерінің бірі. Қойылымдардағы берген рөліне үлкен жауапкершілікпен қарап, өмірден алған сабақты сәттерін қойылымның орайы келген тұсына тұшымды пайдалана білетін, театр үшін қаланған кірпіш десек те болады.

Әріптестерінің арасында әзілі әдемі, көңілі кең, жүрегі жұмсақ, беделі биік абыройы асқақ азамат.

1977 жылы туылған, білімі – орта, ұлты - қазақ
Қаппаров Ғалымжан Қаланбайұлы
Made on
Tilda