Театрдың ашылу салтанатына КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі Есмұхан Обаев, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әшірбек Сығай және басқа да танымал өнер саңлақтары арнайы келіп қатысты.
2012 - 2013 жылдары әзіл-сықақ және сатира театрының ұйымдастыруымен «Әлем әзілі» атты Халықаралық І, ІІ-ші фестивалі өткізілді.
Фестивальға Ресей, Қытай, Жапония, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан елдерінен келген белгілі сатириктермен қатар, қазақстандық «Шаншар», «Шымкент - Шоу», «Күлкістан», «Өнер қырандары» және тағы басқа да әзіл-оспақ театрлары мен танымал таланттар қатысып өнер көрсетті.
Театрда жалпы 88 қызметкер бар, оның ішінде шығармашылық қызметкерлері 37.
Театр өзінің шымылдығын қазақ халқының классик жазушысы Сәкен Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» пьесасының желісі негізінде жазылған У.Абдраимовтың авторлығымен және «Ауылым әнім» (режиссері У.Абдраимов) музыкалық комедиясымен ашты.
Облыс әкімдігінің қолдауымен 2011 жылдың қараша айында театрға бұрынғы «Шымкент» кинотеатрының ғимараты беріліп, аталмыш ұжым осы ғимаратта жемісті жұмыс жасауда.
«Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 91 Қаулысымен ашылған алғашқы сатиралық театрлардың бірі.