Калмурзаева Куннур 1979 жылы 18 қарашада Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.

Калмурзаева Куннур 1998 жылы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Өнер» факультетінің студенті болып қабылданды. 2002 жылы аталмыш оқу орнын «драма театр және кино актеры» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Жоғарғы оқу орнының студенті бола жүріп, 2001-2002 жылдар аралығында «Түркістан сазды драма театрында» актриса қызметін атқарды.

2002-2004 жылдар аралығында Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма театрында және 2009 жылдан бастап «Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театрында» актрисалық қызметін жалғастырып, өзінің актерлық шеберлігін шыңдауда.

Актриса К.Калмурзаева театрға келген сәттен бастап осы уақытқа дейін көптеген басты рольдерді сомдады.

К.Калмурзаева өзіне жүктелген міндетті, берілген рольді бар ынтасымен орындайды. Актриса тек театр сахнасында сахналанған қойылымдарға қатысып қана қоймай көптеген мәдени іс-шараларда өз белсенділігін танытып жүр.
Сонымен қатар, облыстық О.Бөкей атындағы «Көркем сөз оқу шеберлері» байқауының лауреаты атанған.

2013 жылы облыстың мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін Калмурзаева Куннур Акимбековна Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2013 жылдың «Үздік әртісі» номинациясын иеленді.

Шығармашылық өнер иесі, дарынды актриса К.Калмурзаева – театрдың алдынғы қатардағы актерлерінің бірі. Еңбекқор, талапты актриса.

«Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры» МКҚК-ның
Актриса
МКҚК-ның жоғары дәрежелі актрисасы
Калмурзаева Күннұр Әкімбекқызы
Made on
Tilda